2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Отырыс аясында Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Отырысқа Президент Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, этномәдени бірлестіктердің, аймақтық ассамблея хатшылықтарының басшылары және ғылыми, шығармашыл зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Қалыптасқан дәстүр бойынша Ассамблея Кеңесі жылына екі рет өткізіліп келеді. Бұл кеңестерде Елбасы саясатын іске асыруға байланысты нақты шешімдер қабылданады. Біз бүгін ХХ сессия алдында Кеңес мүшелері бас қосып, қоғамдық келісімді нығайту мәселелерін қарайтын боламыз», - деді жиынды ашқан Мелекеттік хатшы М. Тәжин.
Мемлекеттік хатшы ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын белгіледі. Сонымен қатар, отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер қызметтерінің қорытындысы және бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Диана Құлмағанбетова
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс