2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЛондонда құны 250 миллион фунт стерлинг болатын үй сатылып жатыр. Бұл жайында Evening Standard жазды.
«Лондонның қақ орталығындағы осынау үйді сатып алған бақытты жан Королеваның көршісі атанып, Сент-Джеймс-парк саябағын үйінде отырып тамашалай алады» делінген хабарламада.
Газет тілшілері хабарлайғандай, Carlton House Terrace көшесіндегі зәулім үй королеваның қарт туыстарының біріне тиесілі екен. Өзінің кім екендігін білдіргісі келмеген ол, жарнаманы да өте қарапайым етіп жасаған. Атап айтсақ, жарнамалық брошюрада баспананың бүгінгі суреті көрсетілмеген. Тек, XIX ғасырда түсірілген ақ-қара суреттер ұсынылған.
Сонымен қатар, ең қымбат үйдің де өз кемшіліктері бар. Evening Standard газетінің жазуынша, ғимарат ішінде бассейн, үй кинотеатры және SPA атымен жоқ. Дегенмен, үйді сатып алған адам оларды өзі-ақ орната алады. Өйткені, үйдің жалпы аумағы 4,6 мың шаршы метр.
Baq.kz
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс