Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыӘртүрлі құрлықтағы соңғы екі мың жыл ішіндегі температура өзгерістеріне талдау осы кезеңдегі жаһандық салқындық 19 ғасырдың соңында ғана жылылыққа ойысқанын көрсетті, делінген Nature Geoscience журналында жарияланған мақалада. Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.
Құрамына әлемнің 78 елінен зерттеушілер кіретін PAGES 2k Network халықаралық ғылыми консорциумы соңғы екі мың жыл ішіндегі аймақтық, сондай-ақ жаһандық деңгейдегі климатты барынша толық қамту міндетін өз алдына қойды. Ғалымдар ағаштардағы жылдық сақиналардың өзгеруі, кораллдардың өсуі, өсімдік тозаңы, сталагмиттар туралы мәліметтерді, барлық құрлықтардағы 511 географиялық нүкте бойынша тарихи құжаттардағы ақпараттарды пайдаланды.
Атап айтқанда олар «Орташа ғасырлық жылылық» немесе «Кіші мұздық дәуірі» (15-17 ғғ.) кезеңін анықтады.
Тұтастай алғанда, ғалымдар соңғы екі мың жыл ішінде Жерде температураның төмендеуі байқалып, 19-ғасырдың соңында ғана оның тоқталып, жылылыққа ауысқанын анықтады. 1971-2000 жылдардың аралығындағы кезең 1,4 мың жыл ішіндегі ең жылы кезең болды», делінген мақалада.
ҚазАқпарат.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?