2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліФранциялық микробиолог пен генетик, физика және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Франсуа Жакоб жексенбі күні Парижде 92 жасында қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлап отыр.
Жакоб 1920 жылы франциялық Нанси қаласында дүниеге келген. Ер жеткен соң, ол Сорбонна университетінің медициналық факультетіне түсті. Алайда соғыс басталып, оқуын тәмамдай алмады. Тек 1947 жылы ғана хирургтің дипломын иеленді. Бұл кезде Жакоб Францияның жоғары әскери марапаттарының бірі -Азаттық орденін алған болатын.
Ол 1950 жылдардан бастап Пастер институтында бактериялардағы генетикалық механизмдерді зерттеумен шұғылданды. Жакоб және оның әріптестері Андре Львов, Жак Моно ферменттер мен вирустардың синтезі саласындағы жұмыстары үшін Нобель сыйлығымен марапатталған.
Ғалым бар ғұмырын генетика саласын зерттеуге арнады.
ҚазАқпарат.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс