2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЖамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қордай ауданында болып, онда сүт өнімдерін өндіретін «Үміт Қордай» ЖШС ашылу салтанатына қатысты.
Жүзеге асырылған жобаның мақсаты - сүт өнімдерін өндеретін зауыт құрылысын іске қосу, оның жалпы құны - 100 миллион теңге, ал жылдық қуаты 4,8 мың тонна сүт өнімдері.
Сондай-ақ, аталған кәсіпорынның ашылуы арқылы 100 жуық жаңа жұмыс орны ашылды.
2010 жылы «Үміт Қордай» мекемесі Қырғызстан инвесторларымен бірге Аухатты ауылындағы жұмыс істемей тұрған сүт зауытын сатып алған болатын. Сонымен бірге, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінен керекті сүт өңдейтін құрал-жабдықтар сатып алынған. 2012 жылы жоба Жамбыл облысының Индустрияландыру картасына енген.
Аталған жаңа мекеме экономикалық жағынан келесі салаларға серпін бермек:
- жаңа жұмыс орындары ашылады;
- облыс бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдар өседі:
- шаруа қожалықтарының сүт өндіру көлемі өседі, осыған қоса, облыс территориясында жаңа сүт фермаларының пайда болуына септігін тигізеді.
BAQ.KZ
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс