2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБритандық The Sunday Times басылымы «Металлинвест» қожайыны әрі «Арсенал» футбол клубы акциясының 30 пайызының иегері Әлішер Усмановты Ұлыбританияда бизнесін жүргізетін ең бай адам деп таныды.
Магнаттың байлығы 13,3 млрд фунт стерлингке бағаланып отыр, деп хабарлады Утро. ру.
Екінші орынға бұрынғы Кеңес одағында дүниеге келген, бүгінде американдық кәсіпкер, Warner Music иегері Леонард Блаватник 11 млрд фунт қаржысымен табан тіреген. Ұлыбритания байларының үштігін Лондонда орналасқан консорциумның игерелері ағайынды Шри мен Гопи Хиндуджа тұйықтап тұр. Олардың байлығы 10,6 млрд фунтқа бағаланған.
Тағы бір ресейлік Роман Абрамович The Sunday Times рейтингінде 9,3 млрд фунтпен бесінші орынға тұрақтаған.
ҚазАқпарат.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс