2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
2013 жылғы 18 сәуір күні полигонда командалық-штабтық дайындық барысында парадты өткізу кезіндегі барлық іс-қимылдар егжей-тегжейлі пысықталды. Әскерлердің жауынгерлік парадқа дайындығын практикалық тұрғыда Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев жетекшілік етуде.
– Әскерилер үшін тұңғыш рет өткізілгелі тұрған Жауынгерлік парад кең көлемді жаттығуға қатысумен бірдей болып тұр. Бөлімшелер практикалық дайындықтар барысында өзара іс-қимыл сұрақтарын түбегейлі пысықтайтын болса, офицерлер парадтың кезеңдерін жоспарлауда және бөлімшелерді басқаруда әскери өнерді жоғары деңгейде пайдалана білуге ұмтылмақ,- дейді Мұрат Майкеев.
Қазіргі кезде «Отар» 40-ыншы әскери базасында қару-жарақ пен әскери техниканы және полигон нысандарын дайындау қызу жүргізілуде. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні Жауынгерлік парад тікелей эфир арқылы таратылады. Онда көрсетілетін жауынгерлеріміздің іс-қимылын бүкіл еліміз тамашалайтын болады.
Мұндай Жауынгерлік парад Қазақстан Қарулы Күштері тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Онда Құрлық әскерлерінің барлық қару-жарақ түрлерінен жауынгерлік атыстар жүзеге асырылады. Әуе қорғаныс ы күштері аспан кеңістігінде өз шеберліктерін танытады. Жауынгерлік парадқа барлығы 7 мың әскери қызметшілер, 400-ден астам бронды машиналар, автотехникалар, 80-нен астам ұшақтар мен тікұшақтар қатысады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс