2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҮкімет әйелдердің жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепіл беруі керек. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы қарастыратын әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғайтылуына қатысты мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы осындай пікір білдірді.
«Мен бұл заң жобасын қолдаймын. Өйткені, 15-20 жылдан кейін біздің зейнеткерлеріміз, қарттық өмірдің қамтамасыз етілгеніне сенімді болуы үшін, біз болашақта кездеседі-ау деген қиындықтың бәрін бүгін шешуіміз керек», - дейді мәжілісмен.
Алайда, оның айтуынша, аталмыш заң жобасы Үкіметке де бірқатар жауапкершілік артып отыр.
«Бірақ, ол үшін Үкімет бүгін, осы Заң жобасын қабылдағанда біздің азаматтарымыздың, әсіресе әйелдеріміздің әлеуметтік жағынан қорғалатынына, яғни жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепілдік беруге тиіс», - деп қорытты өз ойын Оразкүл Асанғазы.
Bnews.kz
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс