Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыБүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымында мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
95 депутат қолдап дауыс берді, 8-і дауыс беруден қалыс қалып, 2 депутат қарсы дауыс берген.
Заң жобасы ұсынып отырған жаңашылдықтар:
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «МЖЗҚ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру. ҚР үкіметі БЖЗҚ құрылтайшысы мен акционері болып табылады, ал зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асыратын болады;
- ауыр және қауіпті өндіріс жағдайында жұмыс істейтін адамдар үшін міндетті санатқа еңбекақы төлеу қорынан 5% мөлшерінде ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару. Бұл ретте жұмыс берушіге жүктеме көбеймейді, өйткені кәсіптік зейнетақы жүйесіне аударылатын сома салық төлемдерін жүзеге асыру кезінде шегерімге жатқызылады.
- әйелдердің зейнеткерлік жасын біріздендіру.
Зейнеткерлік жасын ұлғайту 2014 жылғы 1-ші қаңтардан бастап зейнеткерлік жасты жыл сайын 6 айға арттырыла отырып, біртіндеп 10 жылдың ішінде жүзеге асырылатын болады.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?