2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚР Білім және ғылым министрілігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен біріге отырып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған тәлімгерлердің елге оралуын қадағалайтын болады. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.
«Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп «Шетелдегі студент» ақпараттық жүйесін енгізді. Енді бітірушілердің елге оралуы және жұмыс істеуі қатаң бақылауда болады»,-деп толықтырды Жұмағұлов.
Министрдің айтуына қарағанда, бүгінде «Болашақ» бағдарламасы стипендиясының иегерлері 33 әлем елдерінің 200 университеттерінде білім алуда.
Сондай-ақ Жұмағұлов түлектердің 20%-ы мемлекеттік секторда, 21%-ы - ұлттық компанияларда, 55%-ы - жекеменшік компанияларда, ал 4%-ының халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарда еңбек ететінін айтты.
BAQ.KZ
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс