2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБіріккен Араб Әмірліктеріндегі Emaar Properties құрылыс компаниясы әлемдегі аспанмен таласқан зәулім ғимараттардан да биік жаңа мұнара салмақ, деп хабарлады Лента ру.
Компанияның бас атқарушы директоры Мохамед Алаббар Дубайдағы биіктігі 828 метрлік Burj Khalifa мұнарасынан, тіпті сауд ханзадасы Альвалид салмақшы болған Жиддадағы Корольдік мұнарасынан (Kingdom Tower) да биік ғимарат салмақшы. Kingdom Tower мұнарасының құны 1,23 млрд, биіктігі 1000 метр (3280 фут) болмақ.
Ал рекордсмен-мұнара қайда салынатыны әзірге белгісіз, оның құны да, жобаның авторы да әзірге беймәлім. Анығы, Дубайдың орталығын салуға тікелей қатысқан Emaar Properties өзінің штаб-пәтерін сатып, араб дереккөздерінің мәлімдеуінше, 1,3 млрд. доллар мөлшеріндегі қарыздарын өтеп, содан кейін құрылысқа кіріспекші.
ҚазАқпарат.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс