2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі«Испаниялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының кезекті 29 турында «Сельта» қақпасына гол соғып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды РБК.
Infostrada-ның хабарлауынша, Месси қатарынан 19 ойында доп соққан Испания чемпионаты тарихындағы бірінші футболшы атанып отыр. Сонымен қатар ол бір маусым ішінде біріншілікке қатысқан барлық командалардың қақпаларына гол соқты.
Айта кетерлік тағы бір жайт, Месси қонақ алаңында соққан доптар саны бойынша «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдудың өткен жылғы маусымда орнатқан рекордын қайталады.
Енді аргентиналықтың еншісінде биылғы маусымда 43 гол бар. Криштиану Роналду 28 гол соқты.
Естеріңізге салсақ Барселона - Сельта ойын тең аяқталды (2:2), алайда каталониялықтардың басты қарсыласы «Реал» да «Сарагосамен» тең түсті (1:1). Енді «Атлетико» жеңіске жетсе, екінші орынға шығатын мүмкіндігі бар.
BAQ.KZ
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс