2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБұл мереке нақты қайдан бастау алатындығы туралы мәліметтер жоқ. Күлкі күнінің пайда болуы туралы көп тараған нұсқалардың бірі - бастапқыда 1 сәуір көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелу күні және Пасха уақыты ретінде атап өтілді. Көктемгі жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен, әдемі әзілдермен өтті.
Осындай кең тараған нұсқалардың тағы бірі 1582 жылы Рим Папасы Григориймен енгізілген Григориан күнтізбесіне көшумен байланысты. Мәселе, орта ғасырларда Жаңа жыл 1 қаңтарда емес, наурыз айының соңында атап өтілді. Жаңажылдық апта 25 наурызда басталып, 1 сәуірде аяқталды.
Сонау жылдары жаңажылдық мереке күндері көтеріңкі-көңіл күймен жүру дәстүрге айналды. Бірақ күнтізбенің өзгеруіне қарамастан, кейбір адамдар жыл бастауын ескі нұсқа бойынша атап өтуді жөн көреді. Адамдар бір-бірімен әзілдесіп, «қалжыңды» сыйлықтар сыйлады. Осылайша, «Күлкі күні» пайда болды.
ҚазАқпарат.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс