7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Кейінгі 1-2 жылдың мұғдарында Таразда құрлыс жұмыстары айрықша жүріп жатыр. Осыған қарап қала тұрғындары шаһарымыз бұрынғыдан бетер көріктене түседі деп қуанып жүр. Ерлан Мұхитов деген азамат Жамбыл облысы әкімінің блогына хат жазып, осы құрылыстардың мән-жайын сұрай келе: «Ескі базар аумағына туристік орталық қай жылы соғыла бастайды? Біз асыға күтеміз! Базар аумағына цирк немесе сауда ойын-сауық орталығын соқсаныздар, тіпті қала тұрғындарына және қонақтарына демалатын керемет орын болар еді» депті.
Қанат Бозымбаев өз жауабында 2011 жылдан бастап әкімдіктің қолдауымен тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Байпақовтың жетекшілігінің арқасында «Көне Тараз» қалашығында әлемдік маңызы бар археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. «Қазба барысында ортағасырлық монша құрылысы қалдығының жылыту жүйелері мен орта ғасырға тән тұрғын үй іргетастары аршылып, көптеген археологиялық жәдігерлер табылды. Бұл орындарға тиісінше консервациялық жұмыстар жүргізіп, кешенді толықтай қорғауға алған соң, аспанасты мұражайына айналдыру жұмыстары іске асырылады. Қазба барысында табылған заттай деректер уақытша сақтау шатыры астына орналастырылып, келуші туристерге қаланың тарихын тамашалау үшін «Ежелгі Тараз» қалашығының барлық аумағы игерілетін болады»,– дейді әкім шабыттана.
BAQ.KZ
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?