Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліСолтүстік Корея билігінің Оңтүстікпен арадағы қарым-қатынастың ушығуына байланысты мәлімдемесі орыс тіліне дұрыс аударылмаған. РБК-ның Корей Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, шындығында коммунистік мемлекеттің үкіметі Сеулдің әлі орын ала қоймаған араңдатушылығына жауап ретінде әскери іс-қимылдардың басталуы мүмкіндігі туралы ғана ескерткен.
Reuters мәліметтері бойынша, КХДР аумағында әскердің мол шоғырының қозғалысы байқала қоймаған. Оңтүстік Кореяда Пхеньян мәлімдемесін арандатушылық ретінде бағалап отыр.
Дегенмен, де сарапшылар коммунистік ел билігінің өктемдігін атап өтуде. Мәлімдеме мәтінінде «Толық ауқымды», «ядролық соғыс» және «Оңтүстікке жай оғындай соққы» деген сөздер кездеседі.
Пхеньянның нақтылай түсуінше, Корей түбегіндегі қарым-қатынастың ушығуына Сеул мен Вашингтонның бірлескен оқу-жаттығуы түрткі болған. Бұған жауап ретінде Ким Чен Ын генералдармен кеңескен соң, зымырандарын АҚШ-тың Гуам, Гавай және Оңтүстік Кореядағы базаларын нысанаға алуды бұйырған.
КХДР көшбасшысы: «Орын алған ахуалды ескере отырып америкалық империалистермен есеп айырысатын кез келді», - депті.
ҚазАқпарат.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс