Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанада Қазақстан Республикасының ІІІ қысқы Спартакиадасы аясында конькимен жарысу спорты бастау алды.
«Алау» мұз айдыны сарайында өтіп жатқан жарысқа еліміздің үздік конькишілері қатысуда. Спортшылар республиканың 8 аймағынан келген.
Олардың арасында Астанаға жақында ғана келген әлем чемпионы Денис Кузин бар. Таяуда ғана Сочиде ол 1000 метр қашықтыққа жүгіруден жеңімпаз атанып, еліміздің әнұранын әуелеткен болатын. Енді ол республикалық жарыста туған жері Қостанай облысының намысын қорғайды. Д.Кузин бірінші күні-ақ 1500 м қашықтыққа жүгіруден Спартакиада чемпионы атанды.
Мұз үстіндегі бәсеке 10.00-ден 15.00-ге дейін өтіп, 30 наурызға дейін жалғасады. 31 наурызда «Алау» мұз айдыны сарайында марафон өтеді.
ҚР ІІІ қысқы Спартакиадасында спорттың 18 түрінен бақ сыналады. Ол биылғы жылдың ақпан айында Қарағанды қаласында шайбалы хоккейден басталған болатын. Енді Өскемен қаласында 4 сәуірде фристайл жарысымен аяқталады.
astana.kz
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс