Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевтің ұлы Максим Бәкиев сырттай 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қырғызстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«2013 жылдың 26 наурызында Бішкек қаласы Бірінші май аудандық сотының үкімімен Даму, инвестициялар мен инновациялар жөніндегі орталық агенттіктің бұрынғы басшысы М.Бәкиев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 30 бабы (қылмысқа араласу), 303 бабы (сыбайлас жемқорлық) және 306 бабы (келісімшарт жасау, Қырғызстанның мүддесіне қайшы мемлекеттік сатып алулар жүргізу) бойынша және Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 59 бабына сәйкес 25 жылға бас бостандығынан айырылды, оның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін белгілі бір лауазымды иелену құқығынан айырылды, жазасын күшейтілген режмидегі түзету колониясында өтейді», - делінген хабарламада.
Қырғызстан Бас прокуратурасы соттың шешімін ескере отырып, оны Қырғызстанға экстрадициялау жұмыстарын жалғастыруға ниетті.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс