Бүгiн, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?
Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік шаралар аясында қалың көпшілік қазақтың ең құнды салт-дәстүрлері туралы көріністерге куә болуда. Астана қаласы әкімдігінің алдына тігілген киіз үйлер де кезектесіп, дәстүрлерімізді түгендеп шықт, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Мейрам күні Астана қаласының білім басқармасы «келін түсіріп», беташар жасады.
«Қазір өкінішке қарай отбасы қадірін түсінбейтіндер қатары көбейіп кетті. Ата-енесіне деген құрметі шексіз, қайын жұртының өмірімен қайнасып кететін, ата-анасының атына кір келтірмей, ұрпақ жалғастырып, сол ұрпаққа өнегелі тәрбие беретін келіндеріміздің азаюына жол бермеу керекпіз. Қыз елдің көркі болса, ертеңгі келін – бір отбасының тірегі. Сондықтан, бүгін мектеп оқушыларына бүгін беташардың мән-мағынасын тағы бір түсіндіру үшін осы көріністі таңдадық»,- дейді ұйымдастырушылар.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мектеп жасындағы күйеу жігіт жұқа шапанымен, келін аппақ сәукелесін киіп, көрем деушілерге құдды бір тойды елестетіп берді. Кейін «той иелері» келген қонақтарға дастарханнан дәм татуға мүмкіндік берді.
Бүгiн, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр