Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Елорданың «Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчы аяқталды. Біздің құрама немістерге еш қарсылық көрсете алмады. Германия Қазақстан қақпасына жауапсыз үш гол соқты.
Сонымен бірінші таймның 20 минутында Бастиан Швайнштайгер алғашқы гол соғып, арада екі минут өткенде оның командаласы Марио Гетце есепті еселей түскен еді. Ал екінші таймның 73 минутында Томас Мюллер үшінші голдың авторы атанған болатын.
Бүгін таңертең өткен баспасөз мәслихатында Германия құрамасының бас жаттықтырушысы Йоахим Лев «Біз ұзаққа созылған үзілістен кейін алдағы ойынға қарқынды дайындық жүргіздік. Әрине, біздің мақсат - турнирдегі өзіміздің позициямызды нығайту үшін 6 ұпай алу және қалған матчтарға дайындалу», деген болатын. Неміс командасы бас жаттықтырушы жүктеген осы міндетті 100 пайызға орындап шықты.
Қарымта ойын 26 наурыз күні Нюрнберг қаласында өтеді.
BAQ.kz
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс