20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс
Қызылордалық «Жаншуақты әжелер» ансамблі – бүгінде ауыл-аймақтың шырайын кіргізген ұжым.
Сырдария ауданы Бесарық ауылының алтын қазығы болған әжелер – ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің жарқын жалғаушысы. Фольклорлық ансамбльдегі 14 әжей аудандағы барлық шараның сәні мен мәні.
«Жаншуақты әжелер» ансамблінің құрылғанына 7 жылдай болды. Содан бері тәлімі мен түйгені көп ақ жаулықты аналар ғибратын өскелең ұрпаққа сіңіріп келеді. 30 жыл білім дәнін сепкен Хадиша Балташева 10 баланы дүниеге әкелген батыр ана. Ол – өнер ұжымындағы ең жасы үлкені.
Хадиша БАЛТАШЕВА,ансамбль мүшесі:
- Қазір біздің әжелеріміз 3 тілде өлең айтады. Орыс, қазақ, ағылшын тілінде. Енді оны ары қарай дамытуымыз да мүмкін. Басқа би, күй өнерлері де бар.
Көпті көрген әжелер өнерді өрге сүйреумен қатар, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып келеді. Ән айта жүріп, құрақ көрпе, сырмақ тігіп, кілем тоқитын ісмер әжелер әдет-ғұрыптың жанданғанына марқаяды.
Оразкүл АХМЕТОВА, ансамбль жетекшісі:
- Салтымыздың өшкені тіріліп, ұмыт қалған өнеріміз қайта жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай аманат болып қалып жатса, біз үшін сол үлкен мәртебе. Ақ тілекті, ақ жаулықты әжелердің басты мақсаты – тілегі сол, қарақтарым.
Халық әндерінің қаймағын бұзбай шырқайтын әжелер отандық сазгерлердің де туындыларын орындайды. Ән айтса жасарып, жадырап қалатын қариялар елдің елдігі ұлттық өнерде деп біледі.
Авторлар: Қамбар Бекенов, Альхайдар Тұрлыханов
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?