Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Оралдағы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осындай тақырыпта аймақтағы өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен мәдени шара өтті.
«Ақжайық – достық мекені-2013» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әзірбайжан, дүнген, ұйғыр ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлеріне арналған көрме де ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қолға алған жобаның мақсаты – қазақстандықтарды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар, Ақжайық өңірін мекендеген түрлі ұлт өкілдеріне қатысты жәдігерлерді жинап, мұражай қорын тың деректермен толықтыру.
Нұрахмет МӘСІМОВ, Ұйғыр ұлттық этно-мәдени орталығының жетекшісі
- Бүгінгі көрменің ерекшелігі – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың ұлттың салт-дәстүрін бір-біріне таныстыру. Сондықтан оны өте маңызды шара деп санаймын. Көрмеге өзіміздің музыкалық аспаптарымызды, киімдерімізді қойдық.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс