Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАстанадағы М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында жаңа қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Комедия жанрындағы көрініс «Тот, майор и другие» деп аталады. Қойылым мажарлық белгілі драматург Иштван Эркеннің ғасыр тойына арналған. Бұралаңы көп өмір жолындағы сенім мен ізеттілік жайында сыр шертіліп, көрерменді қалың ойға батырады әрі күлдіреді. 2011 жылы еліміздің 20 жылдық Тәуелсіздігіне арналған мәдени шаралар шеңберінде аталмыш театр ұжымы Мажарстанда «Сұлтан Бейбарыс» қойылымын сахналаған. Мәдени танымдық шаралардың ұрпақ тәрбиесіне берері мол, дейді ұйымдастырушылар.
Еркін ҚАСЕНОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Бүгінде сол Венгрия мен Қазақстанның мәдени байланыстарын нығайта түсу мақсатында Венгрияның белгілі драматургі, олардың театрының іргетасын қалаушы Иштван Эркеннің 100 жылдығына арнап, осы бір қойылымды Астанада, Қазақстанның көрермендеріне ұсынып отырмыз. Біздің қойылымдардың ішіндегі шоқтығы биік қойылымдардың бірі болады деп ойлаймын.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс