7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Осынау күні қыстан шыққан ағайын бір-бірімен жадырай амандасып, денсаулық тілейді. Әсіресе, жасы кішілер қала-ауылдағы ақсақал-әжелердің үйлеріне барып көрісіп, ілтипат білдіреді. Жасы үлкендер болса, кішілерге бата беріп, бір жасап қалады. Бұл күні әр үйде дастархан жайылып, келгендер ас пен ақтан дәм татады.
Аталмыш салт-жоралғы тек батыс өңірде ғана сақталып қалған. Ол сонау Кеңес дәуірінде де жойылған жоқ.
Жалпы, облыста Наурыз мерекесіне арналған шаралар басталып та кетті.
Айталық, Жаңақала ауданында ауылдық округтер арасында аудандық «Аймақтар аламаны» байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ауылдағы өнерлі адамдарды халыққа жариялау мақсатында ауданда алғаш рет қолға алынды.
13 наурызда Қызылоба, Көпжасар ауылдық округі көркемөнерпаздары байқауды бастады. Олар байқаудың шарты бойынша ән, би және тағы басқа өнерлерін ортаға салып, қазақ күресінен сынға түсті. Жаңақаладағы орталық алаңға киіз үй құрып, Наурыз мейрамына арналған салт-дәстүрлерді насихаттады. Аудандық мәдени демалыс орталығында қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Шараның ашылуына аудан әкімі Лавр Хайретдинов қатысты.
Байқаудың қорытындысы 22 наурызда белгілі болмақ.
Осындай шаралар Орал қаласы мен басқа аудандарда да ұйымдастырылуда
BAQ.kz
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?