7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Шеберлік-дәрістері Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты жеке көрмесі орналасқан Мұражайдың Үлкен көрме залында өтеді. Экспозиция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайының қорында сақтаулы суретшінің алғашқы жұмыстары мен өз халқының көркемсурет жылнамасын қалыптастырған Қоғам мен шебер дүниетанымының дамуы жайлы баяндайтын жаңа туындыларын көруге мүмкіндік береді.
Өзіндік қабілеті тұрғысынан алғанда, Қ.Әжібекұлы – монументалист. Әлібай Бапанов пен Кенжебай Дүйсембаевтың шәкірті, 1986 жылдан бастап республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысады. Қазіргі таңда Қ.Әжібекұлы өзіндік қолтаңбасы бар автор, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, көптеген жүлделердің лауреаты, соның қатарында Ә. Қастеев атындағы арнайы сыйлықтың (1999 ж.), ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2001 ж.). «Астана-Бәйтерек», «Астананың гүлдеуі – Қазақстанның гүлдеуі» сынды көптеген байқаулардың жеңімпазы, ҚР Президенті стипендиясының (2009 ж.) және Мемлекеттік стипендияның (2010 ж.) лауреаты. 2012 жылы Қ. Әжібекұлы «Қазақ халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлері» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, өзінің шығармашылық ұстанымдарына деген адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?