14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?
Ең үздік фильм ретінде жюри «March dream» картинасын таныды. Фильм хикаясы көрермендерге мультфильм түрінде көрсетілген, бұл кейіпкердің көріп жатқан түсі ретінде беріледі. Толық сапалы мультипликация жасау барысында авторлар мыңдаған суреттерді қолдан салған болатын.
«Хоррор» жанрында түсірілген «Сұмпайылар» атты картина «Ең үздік сценарий» номинациясында жеңімпаз болып танылды. Фильм зомби-қыздарға тұтқын болған достар хиқаясын баяндайды. Қыздарды 8 наурыз мерекесімен құттықтамаған жігіттер жауыз күштердің құрбанына айналады.
«Ең үздік монтаж» номинациясында «Анам, сені сүйемін» атты деректі фильм жеңімпаз аталды. Фильм кейіпкерлері өз анасы туралы әңгімелейді және Халықаралық әйелдер күні алдында өз ойларымен бөліседі.
«Бөтен денеде» комедиясында басты рөл ойнаған студент Тажи Құлжан ең үздік актер болып танылды. Фильм хикаясы: қызбен жігіт 8 наурыз мерекесін тойлау мәселесіне пікірлері қарсы келіп, келесі күні ұйқыдан оянғанда бір-бірінің денелерімен ауысқанына көздері жетеді. Соңында махаббат барлығын өз орындарына қайтарды.
Барлық фильмдер толығымен немесе ішінара университет аумағында түсірілді. Фестиваль Студенттік үкіметпен ұйымдастырылған болатын. Студенттердің келешек мамандықтарының кино мен актерлік өнерге ешқандай қатысы жоқ екендігін атап өту қажет. Барлық ұсынылған жұмыстар әуесқой болып табылады.
Жюридің құрамына «Креативная Астана» әлеуметтік жүйелік тобының ұйымдастырушысы Ганз Әжікенов; режиссер әрі диджей Әсет Қадыралин; «Metis’s» тобының әншісі Рус Жетінші кірді. Жюри таңдаған фильмдерді мына жерден көруге болады.
BAQ.kz
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды