Архив

Алматыда жапон киносының ХІІІ фестивалі өтеді

25.02.2013 16:44

Алматыда жапон киносының ХІІІ фестивалі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Жапония Елшілігіне сілтеме жасай отырып. Жапон киносының фестивалі аясында жапондарға тән қайталанбас әрі ерекше мінез-құлықты, траихты, Күншығыс елінің мәдениеті мен тұрмысын аша түсетін бес фильм көрсетіледі.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, әлемде танымал аниме жанрынан заманауи комедиялар мен терең мағыналы драмаларға дейінгі жапондық киноның жан-жақтылығын көрсету кинофестивальдің мақсаты боп табылады.

Барлық фильмдер жапон тілінде орыс тіліндегі субтитрлер арқылы көрсетіледі.

Көрсетілім кестесі:

1 наурыз (жұма)

19:00 – Фестивальдің ашылуы. «Ханкю» электр пойызы», комедиялық драма

2 наурыз (сенбі)

15:00 - «Қортық Маруко», анимация

17:00 - «Қызу жарыс», комедия

3 наурыз (жексенбі)

15:00 - «Сәтті ұшу», комедия

17:00 - «Дора-Хейта», комедиялық боевик

Фестивальді Алматыдағы Жапония Елшілігі, «Цезарь» кинотеатрының қолдауымен Олег Борецкийдің Кино клубы ұйымдастырады.

Оқи отырыңыз