29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБАӘ-де Парсы шығанағының өзге елдерімен қатар Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжаннан келетіндер саны артып келеді. Қазақстандықтар бұл елде ірі мұнайгаз компанияларында, ақпараттық технология, қонақүйлік индустрия, және инвестициялық басқару салаларында жұмыс істейді. Олардың балалары көбінесе жергілікті мектептерде американдық, британдық оқыту жүйесі бойынша білім алады.
Дубай мектептерінің британдық GEMS курсы жыл сайын мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Халықаралық күн» шарасын өткізеді. Мұнда оқушылар ата-аналарының көмегімен өз елдерінің таныстырылымын өткізе алады. Олар ұлттық ерекшеліктерінен, салт-дәстүрлерінен хабардар ететін арнайы стенділер ұйымдастырады.
Дубай мектептерінің біріне шақырылған ҚазАқпарат тілшісі қазақстандықтардың өз елін жоғары деңгейде таныстырғандығының куәсі болды. Олардың стендісінде қазақтың киіз үйі, әсем Астана, республикамыздың әсем табиғаты, көшпелілердің пайдаланған бұйымдары қойылды. Шетелдіктерді қазақтың ұлттық тағамдары - бауырсақ пен қымыз ерекше қызықтырды.
Бір айта кетер жайт, келушілер арасында кезінде Қазақстанда тұрған, қазіргі уақытта Дубайда жұмыс істейтін шетелдіктер де болды. Олар қазақстандықтардың қонақжайлылығын, кішіпейілділігін ықыласпен еске алды.
Отанынан алыста жүрген қазақстандықтар балалары ұлттық мәдениетті, тілді, салт-дәстүрді ұмытпауы тиіс деп есептейді.
Олар Әбу-Дабидегі ҚР Елшілігіне осынау игі шараны ұйымдастыруға көмектескендіктері үшін алғыстары білдірді.
inform.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек