Архив

Лос-Анджелес қаласында «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді

24.02.2013 14:25

Бүгін кешке Лос-Анджелес қаласында америкалық Киноөнер академиясының сыйлығы 85-ші рет табысталады, деп хабарлады Bnews.kz.

«Үздік фильм» санаты бойынша үміткерлер қатарында Бен Аффлектің «Арго операциясы», Стивен Спилбергтің «Линкольн», Энга Лидің «Пи өмірі», Бен Зайтлиннің «Жабайы оңтүстік аңдары» мен Михаэль Ханекенің «Махаббат» фильмі бар.

Биылғы жылғы рәсімді сценарий жазушы, режиссер Сет Макфарлейн жүргізеді.

Оқи отырыңыз