Архив

Өмірбаяны

22.02.2013 10:18

Жүршиев Төлентай 1942 жылы туылған. Еңбек ардагері. Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымында 1961 жылдан бері еңбек етіп келеді. Білімі – арнайы орта. 1957-1961 жылдары  Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің театр көркемөнерпаздары жетекшісі бөлімін бітірген.
Т.Жүршиев көбінесе комедиялық жанрдағы актер екендігімен ерекшеленеді. Театр репертуарындағы Шекспирдің «Ричард-ІІІ» қойылымында Епископ, С.Маршактың «Айдалада ақ отауында» Кірпі, А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасында хабаршы шал,  тағы басқа 50-ге жуық үлкен рөлдерде ойнап келеді.
2002 жылы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2007 жылы Қырғызстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ардақ грамотасымен марапатталды.
2011 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері төс белгісін алды.
Т.Жүршиев қоғамдық жұмыстардан қалыс қалмайды. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының және Қазастан театр қайраткерлері одағының белсенді мүшесі. 

Жүршиев Төлентайдың театр ұжымында әр жылдарда ойнаған рөлдері

1958 жыл:

1959 жыл: Қ. Мұхамеджанов. «Бөлтірік бөрік астында» (қоюшы режиссері – Ә.Төлебаев) – Арыстан;

1960 жыл: М.Әуезов. «Қарагөз» (қоюшы режиссері – Мен Дон Ук) – Мантай;

1961 жыл:

1965 жыл:

1967 жыл:

1969 жыл: М.Әуезов, Л.Соболев. «Абай» (қоюшы режиссері – А. Тоқпанов) – Әзімхан;

1971 жыл:

1973 жыл:

1979 жыл:

1980 жыл:

1981 жыл:

1982 жыл:

1983 жыл: Қ.Шаңғытбаев, Қ.Байсейітов. «Беу, қыздар-ай» – Сұлтан;

1984 жыл:

1998 жыл: Ө.Боранбаев. «Қорқақ көжек» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Әтеш;

2006 жыл: У.Шекспир. «Ричард ІІІ» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Епискон;

2009 жыл: А.Бекбосын. «Домалақ ене» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Хабаршы шал;

2010 жыл: С.Маршак. «Айдалада ақ отау» (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов) – Кірпі.

Оқи отырыңыз