29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шәкірім оқулары» өтті. Шара аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын 25 жылға жуық уақыттан бері зерттеп жүрген филология ғылымдарының докторы Салтанат Ізтілеуова студенттерге ақын өмірбаянына қатысты танымдық дәріс оқыды.
Салтанат Ізтілеуова көп жылдық ізденістердің арқасында ақынға қатысты тың деректер мен оның еңбектерін жинапты. Мәселен, ол Қытай халық республикасына барып сол жерде көптеген жылдар өмір сүрген Шәкәрімнің ұлы Зият қалдырған мұраларды елге жеткізді. Зерттеушінің айтуынша, Зият Шәкәрімұлы әкесінің мұрасын сақтап қалумен қатар, өзі де қазақтың рухани әлеміне қайталанбас дүниелер сыйлаған. Сондай-ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының екінші ұлы Ахаттың шығармашылығы да, әлі зерттеуді қажет етеді.
Салтанат ІЗТІЛЕУОВА, Филология ғылымдарының докторы:
- Ахат әкесінің мұрасын сақтап, 1935-1936 жылдары біздің кітапханаларға өткізген. Ендігі біздің міндетіміз осыны зерттеп әдеби айналымға, ғылымға енгізуіміз керек. Олар арқылы жастарды тәрбиелеуіміз керек. Оларға ескерткіш орнатып көше аттарын беру керек.
Дана МҰҚАТҚЫЗЫ, Тұлғатану орталығының директоры:
- Үлкен тұлғалардың арасында солардың еңбектерімен, мемлекетіміздің өркендеуіне үлкен үлес қосқан адамдардың бай өнегесі арқылы жастарды тәрибелейміз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек