14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Ж.А.Әйтпенбетовтің өмірбаяны және шығармашылық репертуары
Ж.Әйтпенбетов образдардың сыртқы бейнесін сомдаумен бірге ішкі психологиясына үңіле білетін актер. Әсіресе, комедиялық жанрлардағы образдардың табиғатын терең меңгеріп, қарапайымдылығына үлкен мән береді.
Соңғы жылдары ол театр репертуарында М.Байжиевтің «Құдаларында» Бөпіш, Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» қойылымында Шибай, Д.Исабековтің «Пері мен періштесінде» Смағұл, Б.Ұзақовтың «Үмітінде» алқаш музыкант, Е.Уахитовтың «Алтын дуалында» Әбдісәлам, Мольердің «Бәледен құтылдың медицинасында» Жеронт, Шекспирдің «Ричард ІІІ» қойылымында Лорд Стенли, С.Қасымбектің «Палатасында» Мұрат, А.Бекбосыновтың «Домалақ енесінде» Қара Хайдар рөлдерін өзіндік болмысымен, ізденімпаздық жоғары қабілетімен ерекше көрсетіп келеді.
Ол – өзіне тапсырылған рөлдің ішкі психологиясына, жан-дүниесіне үңіле отырып, көрермендер мен сахнадағы байланысты терең түсіне білетін дарын иесі. Үні ашық, сахнада сергек, режиссер ойын тез қабылдай білетін тәжірибелі актер.
Шығармашылық репертуары
1975 жыл: М.Шолохов. «Тынық Дон» (1-бөлім) – Степан, Астахов (қоюшы режиссері – М.Байсеркенов);
1976 жыл:
1977 жыл: Т.Нұрмағанбетов. «Табалдырығыңа табын» – Мақыш (қоюшы режиссері – Т.Дүйсебаев);
1979 жыл: Ғ.Мүсірепов. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Айдар (қоюшы режиссері – Т.Өтебаев);
1980 жыл: Д.Исабеков. «Ертеңді күту» – Тағай (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);
1981 жыл: Т. Ахтанов. «Ант» – Барақ сұлтан (қоюшы режиссері – Ә.Құлданов);
1982 жыл:
1983 жыл: Б.Мұқаев. «Сергелдең болған серілер» – Байбол (қоюшы режиссері – Е.Оразымбетов);
1984 жыл:
1985 жыл:
1986 жыл:
1987 жыл:
1989 жыл:
1990 жыл: Ш.Башбеков. «Темір қатын» – Молда суан (қоюшы режиссері – Е.Тәпенов);
1991 жыл:
1998 жыл: М.Ақынжанов. «Алтын сақа» – Алпамса (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
1999 жыл:
2000 жыл:
2001 жыл: Е.Әлімжан. «Жанұран» – Тәртіпбек (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
2002 жыл: Қ.Ысқақ Шахимарден. «Бизнес шал!..» – Әзірейіл (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
2004 жыл:
2005 жыл:
2006 жыл:
2008 жыл: Б.Ұзақов. «Жандауа» – Шал (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
2009 жыл: А.Бекбосын. «Домалақ ене» – Қара Хайдар (қоюшы режиссері – Қ.Қасымов);
2012 жыл: С.Ахмад. «Супер келін» – Етікші (қоюшы режиссері – К.Касенов).
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды