29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Дипломмен ауылға» жобасын насихаттау тобы жұмысын бастады.
Насихаттау тобы алдымен Астанадағы медицина университетінің түлектеріне «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бағыт-бағдар беріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл шара 28 ақпанға дейін еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде жалғасатын болады. Мамандар дипломын ала сала ауылға жол тартатын жастар саны жылдан-жылға өсіп отырғандығын айтып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде 24 мыңнан астам жас маман қызмет етуде. Алайда елдімекендерде әлі де дәрігерлер тапшылығы сезіледі.
Бекболат МЕТАНОВ, студент:
- Білім алып, ауылға қызмет еткім келеді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өте үлкен көмек көрсетіліп, жастарға жәрдемақы, үй беріліп, көңіл бөлініп жатыр.
Әділет АХМЕТОВ, «Қазақстан ауыл жастары одағының» Астана қаласы бойынша атқарушы хатшысы:
- Бітіріп жатқан түлектердің арасынан ниеті бар жастарды ауылда жұмыс жасауына көмек береміз деген ойдамыз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек