7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында питерлік СКА клубын жерге қаратты.
Жерге қаратты деп бекер айтып отырғанымыз жоқ. Ойынның алғашқы кезеңінде ресейліктер «Барыс» қақпасына жылдам екі шайба соғып, өз жанкүйерлеріне үміт сыйлаған. Және бірінші кезеңнің соңына дейін алаңда өз үстемдіктерін орнатты. Дегенмен, екінші кезеңде қазақстандық клуб ес жиып, қарсыластар қақпасына жауапсыз үш шайба соқты. Гол авторлары – Дастин Бойд, Найджел Доус және Константин Пушкарев.
Екінші кезең ортасында «Барыс» ойыншысы Михаил Григорьевпен питерлік Игорь Макаров ойын сәнін төбелеспен келтірді. Бірнеше секундқа созылған жұдырықтасудан кейін СКА ойыншысы тура мағынасында нокаут алды. Қос ойыншы алаңнан қуылысымен ұтымды сәтті СКА клубы пайдаланып, есепті теңестіріп кеткен.
Үшінші кезең барысында «Барыс» сапынан Дмитрий Уппер мен Максим Спиридонов бір-бір шайбадан соғып, астаналық клубты алға шығарды. Ал, СКА хоккейшілерінің күші небәрі есепті қысқартуға ғана жетті. Қорытынды есеп – 5:4.
BAQ.kz
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?