29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №35 бұйрығы
2013 жылғы 8 ақпан, Астана қаласы
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және аталған конкурсты өткізудің төмендегі мерзімдері белгіленсін:
1) құжаттар қабылдау - 2013 жылғы 18 ақпан мен 1 қазан аралығы;
2) конкурс өткізу - 2013 жылғы 25 ақпан мен 2014 жылғы 31 қаңтар аралығы.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2013 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.
3. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (Э.М.Төлеков):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі С.Б.Шаяхметовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы С. ШАЯХМЕТОВ.
BAQ.kz
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек