7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Сегіз баланың анасы Наташа Харрис өлерінен біраз уақыт бұрын осы сусынның кесірінен барлық тісінен айырылып, аузының опырайып қалғанын да айта кету керек.
Сусынның осы түрін өндіретін компания патологоанатомдардың бұл тұжырымымен келіспей отыр. Әйелдің ажалы кока-коладан болуы мүмкін емес деп отыр компания өкілдері.
Харристің туыстары оның кока-колаға қатты үйір болғанын айтады. Сусынның бұл түрін ішпесе, басы ауырып, балтыры сыздай бастайтын көрінеді. Ол шектен тыс қолданған тәттіден тістерінен айырылған.
Коронер Дэвид Крирараның сөзіне қарағанда, кока-кола Наташаны жүрек талмасына алып келген.
«Мәлім жайттарды назарға алғанда түйгеніміз мынау: Наташа Харрис кока-коланы шектен тыс көп ішпегенде жасына келіп, қартаймай, ерте көз жұмбас еді», – деді ол.
Оның есебінше, марқұм күн сайын ішкен кока-коланың 10 литрінде 1 келіден де көп шекер және 970 мг кокаин бар.
Coca-Cola компаниясының адам денсаулығын ойламайтынын айтқан Крирар сусын түрлерін өнідіретіндерді тұтынушыларға қант пен кофеинді шектен тыс қолданудың зиянды екендігін ескертуге шақырды.
Мисс Харрис денсаулығының нашарлағанын айтып, дер кезінде дабыл қаққанда, қайғылы жағдайға ұрынбас еді деп отыр коронер.
«Өлерінен біраз күн бұрын оның барлық тісін жұлып тастады. Біреу ме, әлде екі баласында ма, тістерінде ақау болған. Сол кезде өзі немесе туыстары дабыл қағуы керек еді»,– дейді Дэвид Крирар.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?