29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Челябі облысында метеорит жаңбыры жауды. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Урал аймақтық орталығына сілтеме жасай отырып, ИТАР-ТАСС ақпараттық агентігі хабарлады.
«Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, қала тұрғындары көрген «от жалындар» метеорит жаңбыры әсерінен болуы ықтимал» деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі. Табиғи құбылыстың салдарынан аймақ бойынша өрт тіркелмеген.
Урал федералды округының құқық қорғау органдары берген ақпаратқа сәйкес, метеорит жаңбырлар салдарынан кейбір үйлердің терезелері ғана сынған. Ал зардап шеккендер жайлы ақпараттар жоқ. Сондай-ақ, қала тұрғындары «әуе апатына» балаған жарқылдардың табиғи құбылыс екенін анықталып, ешқандай ұшақтың құламағаны расталған.
Метеорит жаңбыры – үлкен метеориттердің аспаннан жер бетіне құлдырау кезінде ұсатылып түсуі. Метеориттік жаңбырдан соң жер бедерінде өзгерістер болуы ықтимал.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек