14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?
Серікбай Бисекеев тек Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде бәсекеге қабілетті танымал жоғары технологиялық өнім шығаратын ірі корпорация құрған азамат. «Арман» компаниясы B2B саласындағы жоғары технологиялық шешімдерде әлемдік көшбасшы болып табылады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша отандасымыз Ресейдің үздік бизнесмені деп танылып, Ernst & Young ұйымдастрыған кәсіпкерлік саласындағы беделді халықаралық сыйлыққа ие болған.
«1994 жылы Ресейде алғашқы бизнесімді GSM стандарты бойынша ұялы телефондар сатуды қолға алдым. Кейін бизнесті дамыту үшін өз инновацияларымызды жасау бағытында жұмыс істедік. 2005 жылы компания өнекәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындар үшін қауіпсіздік және байланыс жүйесі қондырғыларының өндірісін бастады. Келешекке үлкен жоспарларымыз бар. Алдағы үш жылда осы салада әлемдік көшбасшы болу мақсатын қойып отырмыз», - деді Серікбай Бисекеев.
Оның айтуынша, алға айқын мақсат қойып, оған жетуге ұмтылғанда ғана табысқа кенелесің.
«Арманыңа жетуге болады. Бұл әркімнің қолынан келеді. Мақсат болу керек. Бизнесті не үшін ашып жатқаныңды білген жөн. Өз кәсібіңді ашуға қорықпау керек. Қиындықтар, қателіктер болады, бірақ мақсаты айқын, ауыртпалықтан тайынбайтын адам ғана үлкен жетістіктерге жетеді»,- деді кәсіпкер.
Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы мұндай кездесулерді алдағы уақытта да ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Айымгүл Әбілева
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды