Архив

Енді ғаламдық суыту құбылысы басталады

13.02.2013 03:16

Ақырзаман жайлы дүрлігу басылмай жатып, тағы бір үрейдің ғаламды жайлайтын түрі бар. Ресейлік ғалымдар келер жылы кіші мұз дәуірі басталатынын айтып отыр, деп жазады Алаш айнасы.

«Мир-24» телеарнасының хабар­лауынша, Ресей Ғылым академиясы Биологияның фундаменталды мәселе­лері институтының ғалымдары Вла­димир Башкин мен Рауф Галиулин ғаламдық жылынуға кереғар құбылыс­тың болатынын болжап шықты. Олардың айтуынша, қазіргі ғаламдық жылыну құбылысы – ғаламдық суы­тудың немесе «кіші мұз дәуірі» аталатын кезеңнің басы. Ауа температурасы 2014 жылдан бастап төмендей түседі. Ал ғасырдың ортасына қарай темпера­тураның төмендеуі рекордтық көр­сеткішке жетеді. Әуелі баяу басталған суыту үрдісі онжылдықтан соң қарқын алып, энергияға сұранысты арттырып жіберуі мүмкін.

BAQ.kz

Оқи отырыңыз