15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Сондай-ақ биыл мұнай ресурстарын Ұлттық қорда жинау саясаты жалғасады. Осыған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел ішіндегі ірі стратегиялық жобаларға инвестициялау үшін Ұлттық қор қаражатын тиімді пайдалану тетігі әзірленетін болады.
«Экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін бюджет шығыстарына ЖІӨ-ге қатысты тұрақты деңгейде қолдау көрсетіледі. Бұл салық саясатын өзгерту және салық салу базасын кеңейту арқылы бюджеттің кіріс бөлігін қайта қарауды талап етеді. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге, басқарудың төменгі деңгейлерін қаржылық бекітуге бағытталған заң жобаларының пакеті, оның ішінде «Жергілікті бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы 2014-2016 жылдарға арналған трансферттер туралы» Заң жобасы әзірленеді және нысаналы трансферттерді қалыптастыру мен бөлудің қолданыстағы тетігі қайта қаралатын болады», - деп атап өтті Досаев.
«Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру мақсатында министрлік нәтижеге бағдарланған бюджеттеу жүйесін одан әрі жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Бюджет нақты қаржыландыру қажеттілігіне байланысты және бөлінген қаражатты нақты нәтижелермен байланыстыру жағы ескеріле отырып қалыптастырылады.Түрлі бағдарламаларға бюджет қаражатын бөлу аралық нәтижелерге қол жеткізумен қатаң байланыстырылатын болады және тиімсіз шығыстар неғұрлым нәтижелі бағдарламаларға қайта бөлінеді», - деп толықтырды экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Мұнымен қатар озық әлемдік тәжірибе негізінде елімізде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру мақсатында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы әзірленбек.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд