29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМинистрлік Елбасының мемлекеттің экономикаға қатысуын одан әрі қысқарту бойынша тапсырмасына байланысты ауқымды жұмыс жасауды жоспарлап отыр.
«Жеке секторға стратегиялық сипатқа ие емес мемлекеттік кәсіпорындарды, квазимемлекеттік компанияларды, бейінді емес функцияларды беру арқылы жекешелендірудің екінші кезеңін жүргізу қажет. Жекешелендіру отандық және шетелдік инвесторлардың көп санын тарту үшін транспарентті жүргізілетін болады», - деді Досаев.
Оның айтуынша, инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру мақсатында экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымының озық стандарттары негізінде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Біз көп үмітімізді мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытумен байланыстырамыз. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі заң қабылданады деп жоспарланған. Осылайша жаңа қаржылық тетіктерді енгізу көзделіп отыр. Сондай-ақ облыстарда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының әдіснамалық қолдауымен өңірлік орталықтарын құру жоспарланған», - деп толықтырды министр.
Айымгүл Әбілева
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек