20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖурналист Меруерт Әйтенова “Көреміз” бағдарламасында ажырасқан әйелдерді жек көретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
НеМолчиKZ қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі ажырасқан әйелдерді қоқысқа теңеген журналисті сотқа беруге шақырды.
Сен бақытсыз әйел, бақытсыз анасың. Бақытты көрмеген әйелсің. Бүкіл әлемнің алдында жылап отырсың. Эй, әйел, 4 баланың анасы, күйеуің саған төсектегі бақыттың дәмін көрсетті, неге оны соңына дейін ұстап қалуға тырыспайсың? Егер бәріміз күйеулерімізге бағынғымыз келмесе, демек жеңіл өмір сүргіміз келеді деген сөз. Демек, сіздер қоғамның қалдығысыздар. Мен ажырасқан әйелдерді жек көремін, тіпті олармен бірге отырғым келмейді. Миллиондаған әйел отбасын сақтау үшін шыдап жүр, – деді журналист.
Дина Таңсәрі әйелдерді қорлаған журналистің сөзіне шамданды.
Бұл ханымның көздері ашу мен кекке толы, ал қарама-қарсы көзінде оты жоқ, өмірден қажыған қыздар отыр. Бұл әйел келіп, мұндай айыптаулармен оларды одан сайын өшіруде, – деді қоғам белсендісі.
Ол Әйтенованың үстінен шағымданып, сотқа арыз жазуға шақырды.
Неліктен әйелдер әрдайым бәріне кінәлі және қиын өмірге төзуі керек?! Неліктен бұл ханым тек ажырасқан әйелдерді жек көреді, ал ажырасқан ер адамдар туралы ештеңе айтпайды?, - деді Дина Таңсәрі.
Ол барша ажырасқан әйелдерді сотқа барып, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлағаны үшін арыз жазуға шақырды.
Моральдық зиянды өтеп, көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етіңіздер! Жеке өзім мынаны көріп, жағымсыз эмоцияларды бастан өткердім, сенімдімін, сіздер де осыдан кейін қорландыңыздар, жүрегіңіз ауырды, жыладыңыздар. Осының бәрін тізіп, сотқа көрсетіңіздер! – деді әйелдердің құқығын қорғаушы.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?