7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Чемпиондар лигасының 6-туры аясында Темірлан Анарбековтің керемет сейвтері кезекті рет назарға ілікті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
"Астана Аренада" өткен кездесуде алматылық ұжым Грекияның 48 дүркін чемпионы «Олимпиакосты» қабылдады. Матч 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталса да, Темірлан Анарбеков қақпаны бірнеше қауіпті сәттен аман сақтап, қақпаға еніп бара жатқан сегіз тура соққыны тайтарды.
УЕФА ресми деректері бойынша, Анарбековтің екі сейві турдың үздік сейвтер қатарына енді. Сонымен қатар, үздік сейвтер арасында «Спортинг» қақпашысы Руй Силва, «Славиядан» Индржих Стинека және «Марсель» қақпашысы Херонимо Рулидің де сейвтері бар.
«Олимпиакоспен» өткен кездесуде Темірлан Анарбеков 9,2 балл жинап, "Матчтың ең үздік ойыншысы" атанды.
Айта кетейік, «Қайрат» негізгі кезеңдегі алты ойында тек бір ұпайға ие болды. Команда «Пафоспен» (0:0) тең түсті, ал «Спортингтен» (1:4), «Реалдан» (0:5), «Интерден» (1:2), «Копенгагеннен» (2:3) және «Олимпиакостан» (0:1) жеңіліс тапты. Енді өз алаңында «Брюггені» қабылдап, соңғы турда «Арсеналға» қонаққа барады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?