Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Бүгін Алматының «Қайраты» UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде сырт алаңда Черногорияның «Сутьеска» командасымен қарымта ойын өткізеді.
Ойын қайда өтеді?
UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде шілденің 15-нен 16-на қараған түні «Край Бистрице» стадионында өтеді. «Қайрат» – «Сутьеска» арасындағы кездесуде поляк Войцех Мыц төрелік етеді. Оған отандастары Бартош Хейниг, Марцин Лисовски пен Патрик Грицкевич көмектеседі. Ойынды 23:50–де «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетеді.
Алғашқы кездесуде «Қайрат» қарсыласын 2:1 есебімен қапы қалдырды.
«Сутьеска» туралы не білеміз?
«Сутьеска» – Черногорияның Никшич қаласында орналасқан футбол клубы. Команда 1945 жылы құрылған және елдегі ең табысты клубтардың бірі саналады. Никшичтегі «Край Бистрице» стадионында өнер көрсетеді.
Черногория тәуелсіздік алғаннан кейін «Сутьеска» ел чемпионатының тұрақты көшбасшыларының біріне айналды. Клуб 2012/13 және 2013/14 маусымдарында қатарынан екі рет чемпион атанып, мұндай нәтижеге қол жеткізген алғашқы черногориялық команда атанды. Кейін 2017/18, 2018/19 және 2021/22 маусымдарында да ел біріншілігінде топ жарды. Сондай-ақ клуб Черногория кубогын екі рет жеңіп алған.
«Сутьеска» тарихында 6 рет ел чемпионы атанады. Олар биыл Черногория біріншілігінде сәтті өнер көрсетіп жүр. 36 турда қарсылас қақпасына 61 гол салды. Чемпионатта 8 рет жеңілгені тағы бар. Клуб сапында жартылай қорғаушы Василий Чавор он гол соғып, үздік сұрмерген атанды.
«Сутьесканың» еурокубоктарда да тәжірибесі бар. Команда бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне бірнеше рет қатысқан. Алайда турнирдің негізгі кезеңіне әлі шыққан жоқ. UEFA дерегіне сәйкес, клуб 2013/14, 2014/15, 2018/19, 2019/20 және 2022/23 маусымдарында Чемпиондар лигасының іріктеуінде өнер көрсеткен.
Айта кетерлігі, Олар Чемпиондар лигасының 2018/2019 жылғы маусымында «Астанамен» кездесу өткізген. Екі ойында да елордалықтар жеңіске жетіп, қарсыласын жарыс жолынан ығыстырды.
2025/26 маусымында «Сутьеска» Черногория чемпионатында қайтадан топ жарып, 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды. Жеребе нәтижесінде оның қарсыласы алматылық «Қайрат» болды.
Осылайша, «Сутьеска» Еуропаның алып клубтарының қатарына жатпағанымен, Черногория футболындағы тәжірибелі әрі титулды командалардың бірі. Оның басты күші – ішкі чемпионаттағы тұрақтылығы мен еурокубок іріктеу кезеңдеріндегі тәжірибесі.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд