Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы21 желтоқсан күні кешке Прагада орналасқан Карлов университетінде 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Студент оқу орнына өздігінен оқталатын винтовкамен келіп, аудиториядағы студенттер мен терезе түбінде жүрген адамдарға оқ ата бастайды. Оқиға орнында 14 адам көз жұмып, тағы 25-і жарақат алды. Дәрігерлер 11 адамның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.
Чехия билігі Прага университетінде оқ жарақатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты сенбі, 23 желтоқсанды мемлекеттік қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы үкімет басшысы Петр Фиала айтты.
Белгілі болғандай, Дэвид Козак Карлов университетіне барар алдында әкесін өлтірген. Жергілікті полиция оның әлеуметтік желіде университетінде теракт жасайтыны туралы жазғанын растады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді