10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның Чехиядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехия Парламенті депутаттары палатасының спикері Маркета Пекарова-Адамовамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СІМ мәліметінше, кездесу барысында парламентаралық өзара іс-қимылды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық және ішкі саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Б.Дүйсенбаев спикерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысымен таныстырды. Атап айтқанда, Чехия тарапына ҚР Конституциясына, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ елдің экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпарат берілді.
Елші Қазақстан мен Чехия арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел парламенттері басшылығының өзара сапарлары тәжірибесін жалғастырудың маңыздылығына назар аударды.
Өз кезегінде, М.Пекарова-Адамова Чехияның Қазақстанмен қарым-қатынастарды дамытуға маңызды мән беретінін атап өтті. Спикер парламентаралық достық топтарының жұмысына жоғары баға беріп, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға қызығушылық білдірді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді