Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекФинляндияның Пирккала қаласындағы мектепте 16 жастағы оқушы пышақпен бірнеше оқушыға шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға Вяхяярви мектебінде орын алды, бұл білім ордасында шамамен 1250 оқушы оқиды.
Жасөспірім қап-қара киініп, шабуыл сәтін видеоға түсіріп тікелей эфирде жариялаған. Ол шабуылды алты ай бойы жоспарлаған, бұл процессте ол ChatGPT-ні пайдаланғаны анықталды.
Шабуыл мектеп дәлізінде басталған — күдікті жасөспірім әуелі дәретханадан шығып, дәлізде жүрген қыздарға шабуыл жасаған. Алдын ала жариялаған манифесінде ол негізінен қыз балаларға шабуыл жасауды жоспарлағанын және өзін жалғыз әрі қоғамнан оқшауланған сезінетінін жазған. Ол "дос керек емес" деген көзқарасын да ашық білдірген.
Кем дегенде үш оқушы жарақат алды, олардың жағдайы жайлы нақты ақпарат әлі жарияланған жоқ.
Оқиға орнына шұғыл жеткен құқық қорғау органдары шабуылдаушыны бірден ұстады. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?