Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Астана» футбол клубы мен «Барыс» хоккей клубы алты жылда бөлінген қаражатты мақсатсыз жұмсаған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикордың мәліметінше, соңғы алты жылда «Астана» футбол клубына 50 млрд, ал «Барыс» хоккей клубына 49 млрд теңге қаржы бөлінген. Антикор өкілі жеңісінен жеңілісі көп командаларға жұмсалған қаржыны әлдеқайда ұтымды пайдалануға болар еді дейді.
Спорт саласын зерделегенде, «Астана» футбол клубына шамамен 50 млрд теңге бөлінгені белгілі болды. Оның 60-70 пайызы 2-3 маусым ойнаған шетелдік легионерлердің жалақысына жұмсалған. «Барыс» хоккей клубында да дәл сондай жағдай, 49 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Негізінен «Самұрық-Қазына» қаржыландырған. Тексеріс барысында клубтарға бөлінген ақшаның мақсатсыз пайдаланылғаны белгілі болды. Енді тиісті шаралар қолданылатын болады. Менің ойымша, бұл қаражатты әлдеқайда ұтымды пайдалануға болар еді. Мәселен, спорт инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салып, балалар мен жастардың білім алуына жағдай жасауға болар еді. Өйткені өскелең ұрпақтан кәсіби футболшылар, хоккейшілер және болашақта ел намысын қолдан бермейтін басқа да спортшылар өсіп келеді, – деді Ұлан Сарқұлов.
Сондай-ақ Ұлан Сарқұлов легионердің көбі бұл командалардан баяғыда кетіп қалғанын және клубтарға бөлінетін қаражат артқанымен, олардың рейтингісі жақсармай, керісінше, құлдырап кеткенін алға тартты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары