30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАуыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен ҚХР Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо Қазақстан мен Қытайдың агроөнеркәсіптік кешені саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, АШМ басшысы Қазақстаннан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау, жануарлардың аурулары бойынша шектеулерді алып тастау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларының басқа түрлеріне ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу мәселелерін көтерді.
Елші өз тарапынан күн тәртібі шеңберінде айтылған Қытайдың құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауға көмектесуге, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша, оның ішінде жерді мелиорациялау және ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ Чжан Сяо қазіргі уақытта Қытай COVID-19 бойынша барлық шектеулерді алып тастағанын ескере отырып, қазақстандық делегацияның ҚХР-ға бару мүмкіндігін қарастыру қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша екі елдің арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 2 есеге жуық өсіп, 783 млн долларды құрады. Қазақстан Қытайға негізінен күнбағыс майын, зығыр тұқымын және майлы дақылдарды сатады, ал елімізге жемістер, көкөністер мен жаңғақтарды импорттайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды