Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді2023 жылы Алматыда 1 407 этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма тарихи отанына келген этникалық қазақтармен қандас мәртебесін беру және ұзарту бойынша жұмыс жүргізуде. Өткен жылы қалада 1 407 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, 151 адам мәртебесін тағы бір жылға ұзартты. Сондай-ақ отбасын біріктіру мақсатында шетелде тұратын этникалық қазақтардың туыстарын Қазақстанға көшіру үшін 37 этникалық қазаққа шақыру берілді.
Оқи отырыңыз:
Бұдан өзге брифинг барысында басқарма басшысы көші-қон жұмысына қатысты мәселелерге тоқталды. Пана іздеп жүрген адамдарға және Таяу Шығыстан Қазақстан мен Палестинаның 127 эвакуацияланған азаматын туыстарына беру жөнінде куәліктер тапсырылды.
Басқарманың қызметіне шетелдік білікті қызметкерлерге рұқсат беру, ұзарту функциялары да кіреді. 2023 жылы жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға 1 242 рұқсат берілді. Жергілікті бюджетке 738 млн теңге көлемінде салық алымы төленді, - деді Бауыржан Жаубасов.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?