1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБылтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі 18 мың грантты игере алмаған. Бұл туралы депутат Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, «Amanat» партиясының бағдарламасы бойынша жыл сайын жоғары білімге бөлінетін грант саны 5 мыңға ұлғайып отырады.
Былтыр министрлік 18 мың грантты игере алмады. Жастарымыз 18 мың грантсыз қалды. Мұндай ауқымды деңгейдегі қаражатты игермеу бұрын-соңды болған емес. Бұған дейін сіздер «бізге грант керек, бізге қаржы керек» деп айтып келдіңіздер. Біз қаржыны қарастырдық. Тіпті Мемлекет басшысы былтыр 10 мың грантты Батыс Қазақстан облысының түлектеріне бөлуді тапсырған еді. Оның 6 мың грантын Маңғыстау облысына бөлуді тапсырған болатын. Сол 6 мың гранттың 4/1 ғана игерілген, - деді депутат.
Сондай-ақ министрліктен өңірлердегі маман тапшылығы мен игерілмей қалған гранттарды алдағы уақытта қалай игеретін жоспарын сұрады.
Маңғыстау облысында білікті, жоғары білімді мамандарға деген тапшылық өте жоғары. Осы орайда гранттардың игерілмеуіне байланысты нақты мониторинг жүргізілді ме? Сіздер айтасыздар, біз басқа облыстарға қайта бөлдік деп, ол уақыттағы аралық үлкен уақытты қамтиды. Жастарымыздың біразы грантсыз қалды. Алдағы уақытта бөлініп отырған 5 мың грант толық игеруге қатысты өздеріңіздің нақты жоспарларыңыз қандай? - деп Ғылым және жоғары білім министрлігіне өз сауалын жолдады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?